Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1662 0 пікір 2 Ақпан, 2026 сағат 17:08

WTA рейтингі: Рыбакина үшінші орынға көтерілді

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең үздік ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-да ресми түрде әлемнің үшінші нөмірлі ойыншысы атанды.

Қазіргі уақытта Қазақстан үздігінің еншісінде 7610 ұпай бар. Рыбакина 7978 ұпаймен әлемде екінші орындағы ойыншы Ига Швентекке айтарлықтай жақындады.

Айта кету керек, Елена бұған дейін 2023 жылы WTA рейтингінде үшінші орынға дейін жеткен.

Арина Соболенко (10 990 ұпай) бірінші орында қалды.

Мансабында алғаш рет Мельбурн ашық чемпионатының үшінші айналымына шыққан қазақстандық Юлия Путинцева рейтингте 24 орын жоғарылап, 70-ші орынға көтерілді.

Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында жеңіліске ұшыраған қазақстандық Зарина Дияс 282-ші орында тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1512
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1121
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1047