Бейсенбі, 5 Ақпан 2026
Жаңалықтар 144 0 пікір 5 Ақпан, 2026 сағат 17:51

Қазақстанның екі облысында жер сілкінді

Сурет: ernur.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында – Жетісу, Алматы облыстарында жер сілкінді, деп хабарлайды ТЖМ.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:42-де сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 км жерде орналасқан.

Сезілу деңгейі туралы мәліметтер:

  • Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 3 балл, 63 км;
  • Жетісу облысы, Текелі қаласы – 3 балл, 74 км;
  • Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы 3 – балл, 79 км;
  • Жетісу облысы, Сарқанд ауданы, Сарқанд қаласы – 3 балл, 84 км;
  • Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті – 2 балл, 95 км;
  • Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 109 км;
  • Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық-Би ауылы – 2 балл, 117 км;
  • Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы – 2 балл, 129 км;
  • Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 139 км;
  • Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы – 2 балл, 147 км;
  • Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл, 151 км;
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл, 158 км;
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 2 балл, 165 км;

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Abai.kz

0 пікір