Бейсенбі, 5 Ақпан 2026
Жаңалықтар 186 0 пікір 5 Ақпан, 2026 сағат 17:57

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Сурет: interaffairs.ru сайтынан алынды.

АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкциялық шараларды әзірледі, ал Еуроодақ шектеулердің жаңа пакеті бойынша жұмысты аяқтап жатыр.

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындағанымен, бұл шектеулердің жақын арада күшіне енетініне қатысты әзірге нақты белгілер жоқ. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. РБК дерегінше, Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аясында бейбіт келісім қабылданбаған жағдайда Ресейдің энергетика секторына қысымды күшейтуді жоспарлаған. Ал Мәскеу дәстүрлі түрде санкцияларды заңсыз деп атайды.

Энергетика мен флотқа соққы

Дереккөздер бірнеше сценарий қатар қарастырылып жатқанын айтады. Атап айтқанда, АҚШ тарапы «көлеңкелі флот» деп атайтын, мұнайды теңіз арқылы тасымалдауға пайдаланылатын кемелер шектеулер тізіміне енуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай операцияларға ықпал ететін трейдерлерге де санкция салынуы ықтимал.

ЕО 20-шы пакетті дайындауда

Сонымен қатар, жаңа шараларды Еуропалық одақ та әзірлеп жатыр. Politico басылымы еуропалық дипломаттарға сілтеме жасап хабарлағандай, Брюссель Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін дайындап қойған. Құжаттың қабылдануы әзірге кейінге қалдырылғанымен, Еурокомиссия оны «кез келген күні» бекітуі мүмкін. Басылым дереккөздерінің айтуынша, санкциялар 24 ақпанға дейін жариялануы ықтимал — бұған дейін осындай мерзімді Euractiv те атаған. Жаңа пакет аясында ЕО Ресейден металдар импортын, оның ішінде иридий, родий, платина және мыс жеткізілімін шектеу мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Abai.kz

0 пікір