Бейсенбі, 18 Маусым 2026
278 0 пікір 17 Маусым, 2026 сағат 19:51

Атырау облысында екі жаңа спорт кешені бой көтеруде

Сурет: «Самұрық-Қазына» қорынан алынды.

Құлсары қаласында жалпы аумағы 1,6 мың ш.м. құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Мұнда волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі және ұлттық күреспен айналысуға барлық жағдай жасалады. Сонымен қатар медициналық кабинет, киім ауыстыратын бөлмелер және жаттығуларды жайлы өткізуге қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Сурет: «Самұрық-Қазына» қорынан алынды.

Атырау қаласында ауданы 3,6 мың ш.м. болатын инклюзивті спорттық-оңалту орталығы салынуда. Орталық балалар мен ересектерге, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған. Ғимаратта бассейн, тренажер залы, спорт және жекпе-жек залдары, бейімдеужәне оңалту аймақтары, сондай-ақ медициналық кабинет жұмыс істейтін болады.

Жобалар «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іске асырылуда. Жаңа нысандар бұқаралық спортты дамытуға және өңір тұрғындары үшін қолжетімді спорттық ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Abai.kz

0 пікір