Жұма, 6 Ақпан 2026
Жаңалықтар 329 0 пікір 6 Ақпан, 2026 сағат 16:20

Нұрлан имам Трамптың қайырымдылық асына қатысты

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтонда өткізген дәстүрлі таңғы ас рәсіміне қатысқан. Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желіде жазды. 

Ақпаратқа сәйкес, биыл бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған екі мыңдай тұлға қатысады.

"Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып,имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат", – деп жазды Нұрлан Имам әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кететіні, Нұрлан имам Ақ үйде өткен қайырымдылық асқа былтыр да барған болатын.

Abai.kz

0 пікір