Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 1466 0 пікір 12 Ақпан, 2026 сағат 14:55

Референдумға қанша ақша жұмсалмақ?

Сурет: kazpravda.kz сайтынан алынды.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің сөзінше, референдумға жұмсалатын қаржы орталық сайлау комиссиясына бюджет бойынша өтініш бергеннен кейін белгілі болмақ.

Оның сөзінше, бұған дейінгі референдумдарға қарағанда көбірек ақша жұмсалуы мүмкін. Себебі халық саны өскен, инфляция деңгейі де бар. Халық саны көбейген сайын сайлау учаскелері де көбеймек, сәйкесінше сомасы да көп болуы мүмкін. Бұған дейін блогер Асхат Ниязовтың сұрағына жауап берген саясаттанушы Марат Шибутов референдумға 20 млрд теңге қаражат жұмсалуы мүмкін деп айтқан.

Otkir_kurek жазуынша, 2022 жылы Конституцияға түзетулер бойынша өткен референдумға – 16,4 млрд теңге, 2024 жылы АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 522
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 775