Сенбі, 9 Мамыр 2026
Билік 1211 0 пікір 3 Наурыз, 2026 сағат 20:04

Саясаттанушы пікірі: Жаңа Конституция – мемлекеттің ашықтығы мен әділдігінің белгісі!

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Саясаттанушы Нұрхат Ораш жақында әлеуметтік желіде Конституцияның жаңа жобасындағы 23-бапқа қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, бұл бап – біздің күнделікті пікір білдіруімізден бастап, ғылыми ізденістеріміз бен шығармашылық еркіндігімізді қорғайтын негізгі құжат. Ол бұл өзгерістерді қарапайым тілмен түсіндіре отырып, алдымен берілетін мүмкіндіктерге тоқталып өтті.

Бірінші кезекте, әрбір адамның ой еркіндігі мен шығармашылықпен айналысуына толық жол ашылады. Яғни, кез келген азамат өз көзқарасын ашық айтып, ғылым немесе өнер саласында жаңа туындылар жасауға құқылы. Сонымен қатар, адамның зияткерлік еңбегі де заңмен қорғалатын болады. Егер сіз бір тың идея ойлап тапсаңыз немесе маңызды дүние жазсаңыз, ол заң аясында тек сізге тиесілі болып қалады. Тағы бір маңызды жайт – ақпаратқа қол жеткізу мәселесі. Мемлекеттік құпияларды есепке алмағанда, кез келген қажетті мәліметті еркін алуға және таратуға мүмкіндік беріледі. Бұл – мемлекеттің ашықтығы мен әділдігінің белгісі.

Дегенмен, Нұрхат Ораш еркіндіктің жауапкершіліксіз болмайтынын да ескертті. Сөз бостандығы бар екен деп, ойыңа келгенді айтып, шектен шығуға болмайды. Мәселен, әр адам өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға міндетті. Ешкімнің басқа біреуді қорлап, намысына тиетін сөздер айтуға хақысы жоқ. Бұдан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік те басты назарда қала береді. Елдің тұтастығына нұқсан келтіретін, соғысты, зорлық-зомбылықты немесе ұлтаралық жанжалды тудыратын кез келген үндеулерге заңмен тыйым салынған.

Саясаттанушының пайымдауынша, бұл бап азаматтарға кең еркіндік бергенімен, сол құқықты пайдалану кезінде өзгенің шекарасын бұзбау керек. Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз болып қала береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2156
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1622