Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1251 0 пікір 4 Наурыз, 2026 сағат 14:49

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды 

Сурет: сайт мұрағатынан алынды

Павлодар облысы аумағында мал ұрлауды кәсіп еткен барымташылар тобы ұсталды.

Күдіктілер жайылымдардан мал ұрлап, артынан сойып, етін өткізген.

Жедел қызметкерлер 9 күдіктіден тұратын қылмыстық топты ұстады, олардың төртеуі қамауға алынды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өткен күзде күдіктілер еркін жайылымдардан мал ұрлаған. Кейін малды сойып, етін өткізген. Келтірілген материалдық шығын 40 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Бұдан бөлек, полиция ветеринарлық қызметпен бірлесіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдау бойынша тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар жайылымдарды және қараусыз жүрген малды, сондай-ақ сауда нүктелерін, базарларды, сою пункттерін және мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеруде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1120
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1044