Header Banner
Сенбі, 14 Наурыз 2026
160 0 пікір 14 Наурыз, 2026 сағат 14:23

СҚО-да үш пациенттің өмірін сақтап қалған донорлық процесс жүргізілді

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Солтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының үйлестіруімен донорлық процесс жүргізілді.

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 1961 жылы туған ер адам жедел ми қан айналымының бұзылуымен жеткізілді.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, дәрігерлер миының өлімін тіркеді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді.

Трансплантаттау командалары мен санитариялық авиацияның қатысуымен ағзалар алынып, олардың арқасында ұзақ уақыт бойы республикалық күту парағында тұрған пациенттерге трансплантаттау көмегі көрсетілді.

Бауыр 51 жастағы бауыр циррозымен ауыратын ер адамға трансплантатталды. Сондай-ақ диабеттік нефропатия аясында дамыған V сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерге екі бүйрек: 1986 жылы туған әйелге және 2020 жылдан бері бағдарламалық гемодиализде жүрген 1978 жылы туған ер адамға трансплантатталды.

Бүгінде Қазақстанда трансплантаттауды күту парағындаө 4,5 мыңнан астам пациент бар, олардың едәуір бөлігі бүйрек, бауыр және жүрек трансплантаттауын қажет етеді. Тек өткен жылдың өзінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізіліп, өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттау бойынша 68 операция жасалды. Соған қарамастан, жыл сайын жүздеген пациент өз кезегіне жете алмай өмірден өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігі донордың отбасына шынайы алғысын білдіреді. Қайғы-қасіреттің ауыр сәтінде олар басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген шешім қабылдады. Дәл осындай қадамдар донорлық мәдениетін қалыптастырып, бүгін трансплантаттауды күтіп отырған адамдарға үміт сыйлайды.

Abai.kz

0 пікір