Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
Жаңалықтар 187 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 10:08

Орталық референдум комиссиясы дауыс беру учаскелері туралы негізгі мәліметті жариялады

Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды.

Орталық референдум комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елордалық комиссиялардың деректеріне сүйене отырып, еліміздегі барлық 10 388 учаскеде дауыс беру процесі басталғанын мәлімдейді.

Ашық учаскелер сағат 07:00-де ашылды. Жекелеген 92 учаскеде дауыс беру сағат 06:00-де басталды.

Дауыс беру құқығы бар азаматтардың жалпы саны - 12 461 796 адам. Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 54 мемлекетте 71 учаске ұйымдастырылды.

Азаматтардың өтініші бойынша барлығы 17 514 есептен шығару куәліктері берілді.

Abai.kz

0 пікір