«Қазақстанда позициясын нығайтып келе жатқан автокөлік бренді кроссоверлер бағасын арзандатты»
Jetour бренді Қазақстанның автокөлік нарығындағы өз позициясын нығайтып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған марка нарықтағы жалпы сатылған жаңа көліктер ішінде көшбасылардың қатарына енді. Бір жылда 14 507 Jetour көлігі сатылып, бренд Қазақстанда көп сатылатын үздік бестікке енді. Сондай-ақ көліктің сапасы мен сұраныстағы модельдер санына тұтынушылардың сенімі де артқан.
2025 жылы Jetour Қазақстан нарығындағы ең тез өскен автокөлік бренді атанып, оң өсім динамикасын көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша сатылым деңгейі 53%-ға көтерілген. Бұдан бөлек алғашқы жарты жылда сатылым 125%-ға өсіп, бренд Қазақстандағы Қытай көлік маркалары ішінде 1-орынға шықты. Бұл Jetour-дің сенімді әрі сұранысқа ие кроссоверлер нарығында бәсекеге түсе алатын марка екенін тағы бір нақтылай түскендей.
Қазақстанда Jetour-дің дамуы ел ішінде орнығуымен де көрініс тапқандай. Мәселен, 2025 жылдан бастап Қостанайда Jetour X70 Plus шағын торапты құрастыру әдісімен жиналады. Сондай-ақ брендтің дилерлік инфрақұрылымы да дамып келеді. Бүгінде брендтің 32 дилерлік орталығы бар. Орталықтар Қазақстанның ірі қалаларында ғана емес, аймақтарында да ашылған. Бұл автокөлікті сатып алушылар үшін қолжетімді етеді. Мұның барлығы Jetour-дің Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді жоспарының үлкен мәнге ие екенін айқындайды.
Осы орайда брендтің баға ұсынысы да маңызды болып отыр. Бүгінде Jetour автокөліктерін Қазақстанда тиімді шарттармен алуға болады:
Jetour Dashing – 8 990 000 теңгеден бастап;
Jetour X70 Plus – 10 990 000 теңгеден бастап;
Jetour X90 Plus – 11 490 000 теңгеден бастап қолжетімді.
Осылай нарықта өзінің сұранысқа ие әрі сенімді екенін дәлелдеген бренд сатып алушыларға тиімді баға ұсынып отыр.
Тұтынушылар үшін мұндай ұсыныс – нарықта мойындалған, заманауи кроссоверлерге назар аударуға мүмкіндік. Жинақтары, сатып алу шарттары мен тест-драйв жайлы мәліметтерді толығырақ Jetour Qazaqstan ресми дилерлік орталықтарынан білуге болады.
Abai.kz