Header Banner
Бейсенбі, 19 Наурыз 2026
Әне, көрдің бе? 159 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 14:15

Израиль шабуылы Каспий теңізіне жетті

Сурет: cursorinfo.com сайтынан алынды.

Axios журналисі Барак Равид израильдік шенеунікке сілтеме жасап, Израиль Каспий теңізіндегі Иранның зымырандық кемелеріне соққы бергенін хабарлады.

Бестен астам кеменің зақымдалғаны айтылады. Бұл — соғыс басталғалы бері Израильдің Каспий теңізіндегі ирандық нысандарға жасаған алғашқы шабуылы.

Кеше Әзербайжан, Бахрейн, Мысыр, Иордания, Квейт, Ливан, Пәкістан, Катар, Сауд-Арабия, Сирия, Түркия, Біріккен Араб әмірлігі қатырлы 12 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері Әр-Риядқа жиналып Израильдың Ливанға баса-көктеп кіруін қатаң айыптады.

«Израиль уақыты» газетінің мәліметінше, кеше түнде Израиль ұшақтары Иранның Каспийдегі Бендер Энзели портындағыы нысандар мен кемелерді бомбылаған.

Сарапшылардың пікірінше Израиль тарап Ресейдің Иранға әскери көмектері осы порт арқылы өтіп жатыр деп есептейді.

Каспийде Израильдың серіктесі АҚШ-тың да мүддесі бар екені белгілі. Израиль тарабы Каспий теңізіне соққы жасайтынын Трампқа ескертті ме, ол жағы белгісіз. Трамптың олардың кезекті әрекетін құп көрмесі анық.

Каспий теңізіне Иран, Ресей, АҚШ-тан бөлек Қытай мен Түркияның мүддесі топтасқаны белгілі. Израильдың кезекті шабуылы жағдайды одан ары ушықтыруы мүмкін.

Басқасын айтпағанда Қазақстанның Қашаған мұнай кенішінде Американың Chevron, ExxonMobil компанияларының үлесі бар.

Қазақстанның Израильмен Ибраһим келісіміне, Трамптың «бейбітшілік кеңесіне» мүше болғаны белгілі. Демек, Қазақстанға дәл қазір Израиль тарапынан келер қауіп жоқ деген сөз. Бірақ қазіргі соғыс жағдайында алдын ала кесіп айту қиын. Жауласқан екі тарап та жағдайды ушықтыру үшін, күтпеген қадамдарға баруы мүмкін.

Қазақстан тарабы бұл мәселеге байланысты әлі пікір білдірген жоқ.

Abai.kz

0 пікір