Header Banner
Бейсенбі, 19 Наурыз 2026
Билік 145 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 13:41

Трамп Тоқаевқа хат жолдады...

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды. Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді», - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір