Еврей мемлекетінің 80 жылдан артық өмір сүрмейтіні рас па?!
«Бүкіл тарих бойында бірде-бір еврей мемлекеті 80 жылдан артық өмір сүрген емес. Сегізінші онжылдықтың “қарғысы” қазіргі Израильді де қуып жететін сияқты»
Эхуд Барак, Израильдің экс-премьер-министрі, бұл сөздерді 2023 жылдың мамыр айында, ел өзінің 75 жылдығын атап өткен кезде айтты. Биыл 22 сәуірде (еврей күнтізбесі бойынша) Израиль мемлекеті 78 жылдығын атап өтеді.
Эхуд Барактың бұл сөздері Израиль қоғамындағы ішкі қайшылықтар (әсіресе 2023 жылғы сот реформасына қарсы наразылықтар) кезінде айтылған өте танымал және қызу талқыланған мәлімдеме болды.
- «80 жылдық қарғыс» қаншалықты рас?
Барак екі тарихи кезеңді мысалға алады. Олардың хронологиясын нақтылайық:
- Бірінші ғибадатхана дәуірі (Дәуіт пен Сүлеймен патшалығы):
Біріккен Израиль патшалығы Дәуіт патша тұсында нығайып, Сүлеймен тұсында гүлденді. Сүлеймен өлгеннен кейін (шамамен б.з.д. 930 ж.) мемлекет екіге: Израиль (солтүстік) және Иудея (оңтүстік) болып бөлініп кетті. Тарихшылардың есебінше, біріккен мемлекет шамамен 75-80 жыл өмір сүрген. Демек, Барактың бұл дерегі тарихи хронологияға сәйкес келеді.
- Екінші ғибадатхана дәуірі (Хасмонейлер әулеті):
Маккавейлер көтерілісінен кейін тәуелсіздік алған Хасмонейлер мемлекеті шамамен б.з.д. 140 жылдан б.з.д. 63 жылға дейін (Рим қолбасшысы Помпей Иерусалимді алғанға дейін) дербес болды. Бұл шамамен 77-80 жыл. Осыдан кейін мемлекет Римге тәуелді вассалдық патшалыққа айналды. Мұнда да Барактың «сегізінші онжылдық» туралы уәжінің негізі бар.
- Қазіргі Израиль мемлекеті 1948 жылы 14 мамырда жарияланды.
- 2024 жылы Израиль өзінің 76 жылдығын атап өтті.
- 2026 жылы Израиль 78 жылдығын тойлайды.
- «Сыни нүкте» саналатын 80 жылдық меже 2028 жылға тура келеді.
- Барактың негізгі қаупі - сыртқы жау ма, ішкі іріткі ме?
Эхуд Барактың (және оны қолдайтын саясаттанушылардың) басты аргументі — Израиль ешқашан сыртқы жаудан жеңілген емес, ол іштен іріген.
- Бірінші жағдайда - салық саясаты мен рулар арасындағы араздық елді екіге бөлді.
- Екінші жағдайда - Хасмонейлер әулетінің ішіндегі таққа талас Римнің араласуына жол ашты.
Қазіргі таңда Израиль қоғамы либералдар мен ультра-ортодокстар, оңшылдар мен солшылдар болып екіге жарылған. Барактың ескертуі — осы әлеуметтік поляризация мемлекеттік институттарды әлсіретіп, «үшінші мемлекеттің» де соңын құрдымға жіберуі мүмкін деген саяси манифест.
- Дін мен пайғамбарлықтар (Священные писания)
Жоғарыдағы «Үшінші қуғын» (Третий исход) немесе мемлекеттің жойылуы туралы мәселе:
- Иудаизмде - кейбір ультра-ортодоксальды топтар (мысалы, Нетурей Карто) Израиль мемлекетінің Мәсих (Мессия) келмей тұрып құрылуын күнә санайды және оның күйрейтініне сенеді.
- Исламда - кейбір тәпсіршілер Исра сүресінің басындағы аяттарды Израильдің екі рет келетін гүлденуі мен соңындағы жеңілісі деп түсіндіреді.
Түйіндеме
- Эхуд Барактың сөзі — факт.
Ол мұны расымен де айтты және оның тарихи негізі бар (80 жылдық цикл).
- Бұл «көріпкелдік» емес, қазіргі үкіметтің (Нетаньяху кабинеті) саясатына қарсы бағытталған саяси ескерту.
Израиль үшін қазіргі таңда Газадағы соғыс пен Иранмен текетірес қаншалықты қауіпті болса, ел ішіндегі демократиялық құндылықтар мен діни фанатизм арасындағы күрес те сондай маңызды болып тұр.
Өмір Шыныбектің желідегі парақшасынан
Abai.kz