Сейсенбі, 31 Наурыз 2026
Жаңалықтар 124 0 пікір 31 Наурыз, 2026 сағат 12:04

Қазақстандық WealthTech әлемдік үздіктер қатарында

Сурет: investmentnews.com сайтынан алынды.

Компанияның негізін 2022 жылы қазақстандық кәсіпкерлер — Олжас Жиенқұл (CEO және негізін қалаушы) мен Талғат Кантаев (атқарушы директор және қосалқы құрылтайшы) қалаған. Сингапур мен Азия өңірінде капиталды басқару, финтех және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, олар әуел бастан инвестициялық банкинг саласын технологиялық тұрғыдан трансформациялауға басымдық берді.

Саланы терең талдау барысында мынадай маңызды мәселелер анықталды: онбординг, капиталды басқару, портфельдік сараптама, деректерді жинақтау, кастодиалдық қарым-қатынастар мен клиенттік есептілік сияқты шешуші процестер әлі де жүйесіз әрі цифрландыру деңгейі төмен күйде қалып отыр. Ал жасанды интеллектінің инвестициялық стратегия құру, болжамды аналитика, клиенттерге қызмет көрсету, нарықты зерттеу және тәуекелдерді басқару саласындағы әлеуеті әлі де бастапқы деңгейде екені белгілі болды.

Осының нәтижесінде Investbanq жеке ЖИ-инфрақұрылымы бар WealthTech-платформа ретінде іске қосылды. Ол капиталды басқару, кейіннен инвестициялық банкинг саласындағы жекелеген процестерді де, құн қалыптастырудың бүкіл тізбегін де цифрландыруға қабілетті модульдік жүйе болып табылады.

Бүгінгі таңда компанияның негізгі шешімі — AI Wealth Operating System немесе қысқаша WealthOS — бұл индустриядағы озық шешімдердің бірі, сонымен қатар капиталды басқаруға арналған заманауи технологиялық платформа. Жүйе деректерді сараптау, тәуекелдерді бағалау және стресс-тестілеу жүргізу үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады. Ол инвестицияларды құрылымдау мен мәміле жасау процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ банктерге, инвестициялық компаниялар мен активтерді басқарушыларға арналған цифрлық құралдар ұсынады. Платформа банктік жүйелермен оңай интеграцияланады және комплаенс пен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес жұмыс істейді.

«Біздің ЖИ-шешіміміз әуел бастан түрлі юрисдикциялардағы банктік жүйелерге еркін интеграцияланатын ауқымды (scalable) инфрақұрылым ретінде жобаланды. Біз үшін жасанды интеллект — бұл жай ғана автоматтандыру құралы емес, бүкіл қаржы саласын трансформациялауға бағытталған стратегиялық драйвер», — деп атап өтті Талғат Кантаев.»

Қазіргі уақытта Investbanq-тың бас кеңсесі Сингапурда орналасқан, сондай-ақ Қазақстанда (Астана, Алматы) және БАӘ-де кеңселері бар. Жаһандық өсіммен қатар, компания аймақтық экожүйені дамытуға белсенді атсалысуда: 2023 және 2024 жылдары Central Eurasian Venture Forum (CEVF) форумның ұйымдастырушысы болды, ғылым мен технологиядағы гендерлік теңгерімді ілгерілететін Women in Science 2025 бастамасының негізгі демеушісі және Қазақстанның креативті индустриясын қолдайтын Steppe Awards 2025 сыйлығының серіктесі атанды.

Азияның қаржы хабтарындағы позицияны нығайту

Оңтүстік-Шығыс Азия мен Гонконгтың ірі банктік институттарымен стратегиялық серіктестік орнату — ЖИ-платформаны жаһандық деңгейде ауқымдандырудың шешуші кезеңі болды. Серіктес ұйымдардың басқаруындағы жиынтық активтер 560 миллиард АҚШ долларынан асады.

Investbanq шешімдерін интеграциялау активтерді басқаруға ЖИ-аналитиканы енгізуді, инвестициялық скоринг пен портфельді оңтайландыруды автоматтандыруды көздейді. Сондай-ақ транзакциялардың зияткерлік мониторингі арқылы комплаенс жүйелерін нығайтуға және капиталды стратегиялық басқаруда data-driven (деректерге негізделген) тәсілін қолдануға мүмкіндік береді.

«Аймақтың жетекші қаржы институттарымен серіктестік орнату — нарық үшін айқын сигнал: WealthTech саласындағы жаңа буын технологиялары қазірдің өзінде салалық стандарттарды қайта қалыптастыруда. Ірі халықаралық ойыншылар тарапынан көрсетілген сенім — платформамыздың технологиялық кемелдену деңгейін және таңдалған стратегиямыздың дұрыстығын растайды»— деді Олжас Жиенқұл.

Халықаралық танымалдылық пен жетістіктер

Соңғы жылдары Investbanq халықаралық аренада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді:

  • Global Private Banker нұсқасы бойынша «Үздік WealthTech AI» деп танылды;
  • Pre-Series A раунды аясында 3 миллион доллар инвестиция тартып, халықаралық экспансия мен технологиялық дамуды жеделдетуге бағытталған жаңа мүмкіндіктерге ие болды
  • TechCrunch Disrupt 2025 конференциясында Startup Battlefield 200 тізіміне енді. Ол барлық үміткерлердің арасынан іріктелген ең үздік 1% қатарынан табылды (айта кетейік, бұл байқаудың әр жылғы түлектері қатарында Discord, Trello, Cloudflare және Fitbit сияқты технологиялық алпауыттар бар);
  • 70 елден түскен 1 200 өтінімнің ішінен үздік 100-ге еніп, EPIC 2025 жартылай финалисті атанды;
  • Meet the Drapers жобасының 7-маусымының финалына шықты (2025 жылғы эфир; аудиториясы шамамен 70 млн көрермен);
  • GITEX Supernova байқауында жеңіске жетті;
  • The Ventures Singapore ұсынған «Үздік FinTech-компания» марапатын иеленді;
  • F6S нұсқасы бойынша үздік 100 FinTech-жобаның қатарына енді (қыркүйек айындағы шығарылым);
  • FinTech in ASEAN 2025 есебінде (PwC, UOB, SFF) Airwallex және Salmon сияқты компаниялармен қатар атап өтілді;
  • Pre-Series A раунды аясында тәжірибелі венчурлық қорлар мен инвесторлардың қолдауына ие болды.

« Біз Investbanq-ты жаңа буын инвестициялық банкингінің технологиялық өзегі ретінде қалыптастырып жатырмыз. Халықаралық марапаттар мен танымалдылық біздің WealthTech индустриясында жаңа стандарттар орнатып жатқанымыздың көрсеткіші. Біз таңдаған цифрлық трансформация жолы әлемдік инвестициялық қауымдастықтан қолдау табуда. Бұл жай ғана марапат емес, біздің ЖИ-шешімдеріміздің Сингапурдан Кремний алқабына дейінгі ең бәсекелі нарықтарда ауқымдануға дайын екендігінің және болашақтың ашық әрі жоғары технологиялық қаржылық экожүйесін құрып жатқанымыздың дәлелі», — деп түйіндеді Олжас Жиенқұл.

Investbanq инновациялық қаржылық шешімдерді жетілдіруді жалғастыра отырып, Қазақстанға ең үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және инвестициялық құралдардың қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Компания Қазақстанның болашағы жасанды интеллект, финтех саласының дамуы және жаһандық қаржы жүйесіне терең интеграцияланумен тікелей байланысты екеніне нық сенеді.

Анықтама

Investbanq — қазақстандық кәсіпкерлер негізін қалаған, Сингапурда тіркелген капиталды басқаруға арналған мамандандырылған ЖИ-платформа. Компания банктерге, отбасылық кеңселерге және басқарушы компанияларға инвестициялық процестерді автоматтандыруға, деректерді талдауға және клиенттермен бірыңғай цифрлық ортада өзара іс-қимыл жасауға көмектесетін бірегей AI және SaaS-шешімдерін ұсынады. Сонымен қатар, Investbanq Оңтүстік-Шығыс Азия (SEA), Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) және Орталық Азияның инвесторлары мен бизнес-бастамаларын тоғыстыратын экожүйелік шешімдерді белсенді түрде әзірлеуде.

Abai.kz

0 пікір