Сейсенбі, 7 Сәуір 2026
Білгенге маржан 150 0 пікір 7 Сәуір, 2026 сағат 13:37

Иранның Тұңғыш президенті-Әбілхасан Банисадр

Сурет: википедиядан алынды

Ислам революциясы жеңіске жеткен 1979 жылдан бүгінгі күнге дейін 9 президент, 1 президент міндетін атқарушы болды. Оның алғашқы екеуін көрген жоқпын. Қалған 8 президентпен әңгімелестік, аударма жасадық, шәй іштік. Әлқисса,

Иранның Тұңғыш президенті Әбілхасан Банисадр. Президент болған мерзімі: 4 ақпан 1980 — 22 маусым 1981.

Әбілхасан Банисадр Шахпур Бахтияр мен Мехди Базарган басқарған Халық қарсылығы қозғалысына жақын болды. Бірақ, Ислам революциясын қолдап, жолдары екі айрылып кетті. Әкесі Аятолла Насралла Банисадр Аятолла Хомейнидің жақын досы болды. Банисадр діни білім алғаннан соң, Сарбонада қаржы және экономиканы оқиды, Францияның осы университетінде біраз жыл сабақ берді. Францияда жүріп, шах режиміне қарсы ислам оппозициясына қосылады. Бірнеше рет қамалады. 1974 жылы Аятолла Хомейнимен танысып, жақын араласа бастайды. Ислам революциясы жеңіске жеткен соң, Аятолла Хомейнидің қолдауымен Революциялық кеңестің мүшесі болады. Бірнеше ай экономика министрі, сыртқы істер министрі болады. Банисадр діни адамдардың билікке келуіне, мемлекеттік қызмет істеуіне қарсы болады. Ирақ басып кірген алғашқы жылы Иран үлкен шығынға ұшырап, біраз жерінен айрылып қалады. “Бас қолбасшы ретінде дұрыс басқара алмады” деп ислам діндарлары Аятолла Хомейниді Банисандрды Бас қолбасшы лауазымынан алуға көндіреді. Он күннен соң Мәжіліс Банисандрға импичмент жариялайды. ИРСК үйін тінтіп, Банисадрды үйқамаққа алады. Банисадрды қолдап көшеге шыққан мыңдаған адамды ИРСК басып, жаншиды. Кейбір мәліметтер бойынша халықты көшеге шығарғанына наразы болған Аятолла Хомейни Банисадрды өлтіру туралы құпия жарлық шығарады. Бірнеше апта тығылып, бір әскери ұшқыштың көмегімен Ираннан қашып шығады. Өмірінің соңына дейін Францияда тұрып, 2021 жылы 89 жасында қайтыс болады.

Әбілхасан Банисадр - Иран тарихындағы импичмент жарияланған жалғыз президент. Ең көп дауыс алған (76,5 %) президент. Елден қашқан алғашқы және соңғы президент. Бүкіл билік қолында болған жалғыз президент.

Жәнібек Көпжасар

Abai.kz

0 пікір