Дүйсенбі, 13 Сәуір 2026
Жаңалықтар 141 0 пікір 13 Сәуір, 2026 сағат 13:47

Министрлік қатаң талап қойды: Мектеп бітіру кеші болмай ма?

Сурет: ertenmedia.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгеріс енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған.

Министрлік мектеп бітіру кештерін білім мекемесінен тыс жерде өткізуге қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары күшейтілмек. Ал ішкі істер органдары бітіру кештері кезінде қоғамдық тәртіп пен түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Айта кетелік, бұған дейін алматылық ата-ана президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп бітіру кешіне қатысты масқараны жайып салған еді.

Шағым авторының айтуынша, әр түлектен бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған.

Abai.kz

0 пікір