Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2959 0 пікір 20 Сәуір, 2026 сағат 14:02

Украина Ресейдің оқ-дәрі керуенін жойып жатыр...

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды.

Ресей майдан шебіне мыңдаған артиллерия жүйесін тізіп қойғанымен, Украина енді зеңбіректің өзін емес, соған жан бітіріп тұрған оқ-дәрі керуенін нысанаға алып жатыр.

Мәскеудің соғыс машинасы әлі де артиллерияға сүйенеді. Әуелі жерді жаныштайды, сосын жаяу әскерді жылжытады. Бірақ сол оттың артында күн сайын тасылатын мыңдаған снаряд бар. Украина дәл сол тамырды қиып жатыр. КамАЗ бен «Уралға» тиелген оқ-дәрі жол үстінде жарылып жатқанда, алғы шептегі зеңбіректің үні өшеді.

Мәселенің түйіні де осында. Гаубицаны табу қиын. Ол жасырынады, орнын ауыстырады, тордың астына тығылады. Ал оқ-дәрі тасыған көлік жолмен жүреді. Бағыты белгілі. Қашуы қиын. Бір дрон жетеді. Бір соққы – бір жүк көлігі ғана емес, бірнеше артиллерия жүйесінің тынысын тарылтады.

Соғыс кейде окопта емес, логистикада шешіледі. Украина соны түсінді. Ресейдің от күші көп болғанымен, оған жанармай мен снаряд жетпесе, зеңбірек темір үйіндісіне айналады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 386
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1307
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 358
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 324