Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1214 0 пікір 22 Сәуір, 2026 сағат 14:03

Шетелден жұмыртқа әкелуге жарты жылға тыйым салынды

Сурет: aqshamnews.kz сайтынан алынды.

Тыйым Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №146 бұйрығымен қабылданды.

"Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы 040721 коды бойынша тауық жұмыртқаларын барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын", – делінген құжатта.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" және "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңдарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларына сәйкес қабылданды.

Сонымен қатар, бұйрықта бірқатар ерекшеліктер көзделіп отыр. Шектеулер Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларын транзиттеуге, сондай-ақ оларды ЕАЭО елдері арасында республика аумағы арқылы тасымалдауға қолданылмайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1189
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 838
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808