Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2281 0 пікір 24 Сәуір, 2026 сағат 14:10

ҰБ базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде ±1 пайыздық тармақ дәлізімен сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің шешіміне сәйкес, базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды. Бұл шешім инфляциялық қысымның әлі де жоғары болуымен түсіндірілді.

2026 жылғы наурызда жылдық инфляция 11%-ға дейін баяулады (ақпанда – 11,7%). Азық-түлік инфляциясы 11,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,3%-ға, ал қызметтер инфляциясы 10,0%-ға дейін төмендеген.

Инфляцияның баяулауына қатаң ақша-кредит саясаты, теңге бағамының тұрақтылығы, тұтынушылық сұраныстың бірқалыптануы және Үкіметтің инфляцияға қарсы шаралары әсер етті. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасына енгізілген мораторий де ықпал етті.

Айлық инфляция да төмендеп, наурызда 0,6%-ды құрады (ақпанда – 1,1%). Дегенмен, базалық инфляция деңгейі әлі де 5% мақсатты көрсеткіштен жоғары қалып отыр.

Халықтың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде сақталған – 14,6%. Ал нарық қатысушылары 2026 жылы инфляцияны 10% деңгейінде болжайды.

Сыртқы факторлар да қысым жасап отыр. Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі энергия, азық-түлік және тыңайтқыш бағасының өсуіне әсер етіп, импорттық инфляция тәуекелдерін арттырды.

Сонымен қатар, реттелетін тарифтердің өсуі, салық өзгерістері және квазифискалдық саясат инфляцияға қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Алдын ала деректер бойынша, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасы 3,0%-ға өсті. Өсім негізінен құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі және сауда салаларындағы белсенділік есебінен қамтамасыз етілген.

Ұлттық банк қазіргі дезинфляциялық үрдісті сақтау үшін қатаң ақша-кредит шарттарын жалғастыратынын мәлімдеді. Сонымен бірге, егер инфляция баяулау үрдісі сақталса, алдағы уақытта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Келесі шешім 2026 жылғы 5 маусымда жарияланады.

Еске салсақ, былтыр қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730