Дүйсенбі, 27 Сәуір 2026
Бұ не мазақ? 325 0 пікір 27 Сәуір, 2026 сағат 14:45

Желтоқсан оқиғасын тілдеген Паршина жазалансын!

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды тілдеп, қорлаған Виолетта Паршина дегеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды!

Анық-қанығы былай:

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған Желтоқсан оқиғасы қатысушыларының суретінің астына Виолетта Паршина есімді тұрғын аузына келгенін көкіп, бейәдеп, балағат сөздер жазған. Анықтап айтқанда: «Мас, ақымақ, ауылбай, оңбаған-мәмбеттер» (Пьяные, тупорылые, аульные, ублюдки-мамбеты) деп жазған.

Паршинаның бұл жазбасы Қазақстан азаматтарының ашуын тудырды. Ал Алматы полициясы Паршинаны тергеуге шақырып, үстінен іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. П. есімді азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр», - деді ПД баспасөз қызметі.

Сурет: Әлеуметтік желі скрині.

«Ұлт намысына тиетін мұндай әрекеттер мүлде қабылданбайды және оларға қатаң құқықтық баға беріледі. Әлеуметтік мәртебесіне, жағдайына қарамастан, ұлтаралық жанжал тудыруға бағытталған кез келген арандатушы іс-әрекет заңмен жазаланады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы полициясы сонымен қатар ұлтаралық татулыққа сына қағып, қоғамда арандатушылық тудыратын әрекеттерді қатаң түрде тоқтататынын ескертті.

Abai.kz

0 пікір