Жұма, 1 Мамыр 2026
246 0 пікір 1 Мамыр, 2026 сағат 17:22

Бірлік пен достықтың мерекесі: Жетісу паркінде ауқымды концерт өтті

Сурет: Астана қаласы әкімдігінен алынды.

Қазақстан халқының бірлігі күні — еліміздегі ең маңызды әрі мазмұнды мерекелердің бірі. Жыл сайын 1 мамырда аталып өтетін бұл күн елдегі татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара сыйластықтың символына айналған. Көпұлтты Қазақстан үшін бұл мерекенің орны ерекше. Өйткені бүгінде елімізде көптеген этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осындай бірлік пен келісімді дәріптейтін мереке қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше мәдени шара ұйымдастырылды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігінен алынды.

1 мамыр күні Жетісу паркі аумағында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Мерекелік іс-шара 3 сағатқа жалғасты. Ұйымдастырушылар бұл күні саябақ аумағы ән мен күйге, би мен шаттыққа толатынын айтты.
Мерекелік бағдарлама аясында көрермендерге әртүрлі мәдени бағыттағы өнер көрсетілімдері ұсынылды. Атап айтқанда, вокалдық нөмірлер, ұлттық және этностық билер, сахналық қойылымдар, джигитовка элементтері мен шығармашылық композициялар көпшілік назарына ұсынылмақ. Концерттің негізгі мақсаты Қазақстандағы мәдени әралуандылықты көрсету, халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту.
Сахнада талантты өнерпаздар ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, «Алтын Ұрпақ» би ансамблі мен «ХАЗАР» шығармашылық ұжымы арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Би кешінде Кавказ халықтарының ұлттық билері, гавай биі және заманауи хореографиялық қойылымдар орындалды. Лирикалық әндер мен әсерлі музыкалық композициялар мерекелік кештің мазмұнын байыта түсті. Ұйымдастырушылар концерт соңында ерекше финалдық нөмір әзірленгенін атап өтті.
Іс-шара барысында балалар мен ересектерге арналған түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Қонақтар белсенді демалысқа қатысып, мерекелік атмосфераны сезінді. Мұндай мәдени бағдарламалар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып қана қоймай, қоғамдағы ынтымақ пен түсіністікті нығайтуға да ықпал етеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні — бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын ерекше мереке. Бұл күн елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызын еске салады. Қазақстан әлемге этносаралық татулықтың үлгісін көрсетіп келе жатқан мемлекеттердің бірі ретінде танылып отыр. Түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің бір қоғамда үйлесімді өмір сүруі еліміздің басты жетістіктерінің бірі.

Сурет: Астана қаласы әкімдігінен алынды.

Бүгінде бірлік ұғымы тек ұран ғана емес, мемлекет дамуының негізгі тірегіне айналды. Халықтың ауызбіршілігі мен өзара қолдауы елдің өркендеуіне жол ашады. Сондықтан Бірлік күніне арналған мерекелік іс-шаралар жастарды достыққа, сыйластыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Жетісу паркінде өткен мерекелік концертке үнемі қатысып отыруын айтты. Бірлік пен достықты дәріптейтін ерекше кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік әсер қалдырғаны анық.
Айта кетейік,мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Ол Қазақстан түрлі этнос өкілдерін біріктіріп, бір үлкен отбасыға айналғанын атап өтті.
«Бұл біздің баға жетпес байлығымыз. Бейбітшілік, жанашырлық, өзара көмек дәстүрлері біртұтас халқымыздың ұлттық болмысының ажырамас бөлігі болып қала беруі маңызды. Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз. «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың мәнін де, қазақстандықтардың күнделікті өмірін де дәл сипаттайды. Сондықтан жаңа Конституцияның преамбуласында бірлік, ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары нақты айқындалған».
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекелердің бірі. Жыл сайын 1 мамыр күні еліміздің барлық өңірінде кең көлемде аталып өтетін бұл мейрамның басты мақсаты — түрлі этнос пен дін өкілдері арасындағы өзара құрметті арттырып, татулықты, ынтымақты және ортақ құндылықтарды дәріптеу.
Қазақ халқы ежелден бірлік пен берекені елдің басты байлығы санаған. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақыл да соның айғағы. Сондықтан ынтымақ пен татулықты ту еткен мемлекет үшін бұл күннің орны ерекше. Бұл мереке халықтың ауызбіршілігін нығайтып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді одан әрі күшейтуге бағытталған.
Жыл сайын Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130-дан астам этнос өкілдері Бірлік күнін ортақ шаңырақ астындағы достықтың белгісі ретінде атап өтеді. Түрлі мәдени орталықтар ұлттық дәстүрлерін таныстырып, ән мен би арқылы өз өнерлерін паш етеді. Сонымен қатар, еліміздің көптеген аймақтарында патриоттық шерулер, концерттер, спорттық жарыстар және мәдени фестивальдер ұйымдастырылады.
Бүгінде «Достық үйі» аясында жұмыс істейтін ұлттық-мәдени орталықтар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты дамытуға үлес қосып келеді. Мерекелік шараларда әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктері көрсетіліп, көпшілікке рухани әсер сыйлайды.
1 мамыр — тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық келісімнің символына айналған мереке. 1995 жылдың наурыз айында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Бұл құрылым әлемде сирек кездесетін қоғамдық институттардың бірі саналады.
Ассамблея құрамындағы жүздеген ұлттық-мәдени бірлестіктер мен өңірлік ұйымдар Қазақстандағы этностардың басын біріктіріп, елдегі тұрақтылық пен достықты сақтауға қызмет етіп келеді. Бүгінде әрбір этнос өз мәдениетін, тілін және дәстүрін дамытуға мүмкіндік алған. Бұл — Қазақстандағы бейбітшілік пен қоғамдық келісім саясатының нәтижесі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 276
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 316