Сейсенбі, 5 Мамыр 2026
Билік 136 0 пікір 5 Мамыр, 2026 сағат 13:58

Ақордада ауыс-түйіс: Роман Скляр ПӘ басшысы болды...

Суреттер: akorda.kz, gov.kz, masa.media сайттарынан алынды.

Бүгін Ақордада ауыс-түйістер жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенті Әкімшілігінің Басшысын ауыстырды.

Бұл қызметті осыған дейін атқарып келген Айбек Дәдебай қызметінен босатылып, орнына Роман Скляр тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды», - деп жазылған Президент Жарлығында.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған Президент Жарлығында.

Айбек Дәдебай:

1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған; 2003 жылы осы университеттің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

2001-2002 жылдары – Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген;

2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева;

2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;

2021 жылғы мамыр – 2022 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған.

ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

Ал Роман Скляр:

1971 жылы Павлодар қаласында туған.

Білімі: «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін, «Экономист» мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен.

2002-2003 жылдары Павлодар облыстық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы,

2003-2005 жж. Павлодар қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып еңбек етті.

2005-2006 жж. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі,

2006-2007 жж. Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры (10.2007-10.2008) болды.

2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі,

2014-2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті болған.

2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2016 жылғы мамыр айында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (05.2016-23.12.2016) болды.

2016 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған.

2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалған.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

«Құрмет», «Парасат» ордендері (2017 ж.) «Астананың 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1590
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1348