Жұма, 8 Мамыр 2026
Билік 222 0 пікір 8 Мамыр, 2026 сағат 14:37

Қарин: Елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталды!

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда үш заң жобасын қарады:

8 бөлім мен 43 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы.

12 бөлім мен 60 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

– қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға бейімдеуге,

– мемлекеттік-саяси модельді институционалдық жаңғыртуға,

– саяси жаңғырудың келесі кезеңіне арналған жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Заңнаманы үйлестіру үдерісі мен алдағы Құрылтай сайлауы Әділетті Қазақстанның конституциялық қағидаттары мен құндылықтарына негізделген ел дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Ерлан Карин, Мемлекеттік кеңесші

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2112
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1606