Ғалым: Уахабизм бүгін де бітті, Саудияның өзінде бітті!
«Мына музыка деген бәледен құтылуымыз керек. Бұл шариғатқа тіпті сай келмейді. Екіншісі, ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды, шариғатта».
Кеше, құрметті ағайындар, мынау қазақтың дәстүріне қарсы шыққандар, алтысына, қырқына, жетісіне қарсы шыққандар – олар уахабистер, олар қазақтың жауы деген еді. Көптеген комментарийлер жасап, мені дүмше молда, анау-мынау деп, қысқаша айтқанда, білмейді деп жатыр екен. Қысқаша айтқанда, оның ғылыми жағы белгілі ғой. Уахабистердің қайдан шыққаны, соның Англияда пәтер штабы болғаны, сонау өткен ғасырларда дайындалғаны, ол жақында жабылғаны – бәріне белгілі нәрсе ғой.
Менің айтайын дегенім – уахабизм бүгін де бітті, Саудияның өзінде де бітті, оның бәрін жауып тастаған. Ал енді біздің қазақта бітпей тұр. Өйткені біздің қазақта олар жасырын ғана жұмыс істеп жүр.
Ал Мәшһүр Жүсіп не деді: «Діні бардың ұлты жоқ, сақалы бар, бірақ мұрты жоқ ел түбіне сол жетер». Сол біз айттық. Ертең тойда шығып алып, бір уахабистің мұрты жоқ, сақалы бар, қазақтың бүкіл музыкасы анау-мынау, бәріне түгел жоққа шығарып, солай жасалады. Көрдіңіздер ме, міне, егер бұларға тыйым салмаса, мемлекет болып, ел болып тыйым салмаса, солай болады. Ертең сорлап қаламыз.
Мынау бұрынғыда айтқан екен: «Ертеңгі күні бір заман келеді, діндеріңді қолдарыңнан алады, бірақ дәстүрлеріңді ала алмайды. Дәстүрлі діндерің дәстүрге айналады» дегендігі.
Сонда дінімізді біз дәстүрге айналдырып жіберген екенбіз. Қырқы, жетісі исламда жоқ болғанымен, бір дәстүр бар – Құран бағыштау негізі исламның өзінде бар. Сонда Совет үкіметінің кезінде дәстүрді осылай қолдарынан ала алмаған екен. Дінді алғанымен, кейін сол Совет үкіметі кеткеннен кейін, бірден сол дәстүр арқылы біз осылай исламға қайта келдік.
Ал дәстүр болмаса, онда исламның да бүгінде болуы екіталай еді. Мұсылман боларсың, бірақ бір Америкадағы сияқты біреу мұсылман болғандай дүбәрә мұсылман боласың. Ал дүбәрә мұсылмандығың кімге керек? Сенің ар жағыңдағы ғасырлар бойы, мың жылдар бойы келе жатқан дәстүрмен бірге келе жатқан дінің болмағаннан кейін, практикалық дінің болмағаннан кейін, міне, соны кеше өздеріңіз дәлелмен, көзбен көріп отырсыздар. Ақыры не болып жатқанын: «Музыка харам, домбыра харам» дейді. Ал тартайық домбыраны, әңгімең бар ма?

Мұхитдин Исаұлы,
Исламтанушы ғалым, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі
Abai.kz