Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 134 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 14:38

Халық Кеңесі туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Парламентінде палаталардың бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды БАҚ.

Құжатты Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ұсынды. Заң жобасына сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесін азаматтардың мүдделерін білдіруді қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге арналған жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде айқындау ұсынылады.

Жаңа органның функциясына заң шығару бастамасы құқығы арқылы заң шығару процесіне қатысуды, қоғамдық талқылаулар мен бақылауды ұйымдастыруды енгізу жоспарлануда. Заң жобасы сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттарын, міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құрылымын, өкілеттіктерін және қалыптастыру тәртібін бекітуді көздейді.

Заң қабылданғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының функциялары жаңа органға беріледі, бұл ретте Ассамблеяның өзі жұмысын тоқтатады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2773
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885