Дүйсенбі, 25 Мамыр 2026
Жаңалықтар 284 0 пікір 25 Мамыр, 2026 сағат 14:21

Алматы неліктен әлі тау курорты мәртебесіне ие емес?

Сурет: ilyas-dautov/unsplash.

Forbes Cup 2026 теннис турнирі аяқталғаннан кейін Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов әлеуметтік желілерде туризмді және Алматы тау кластерін дамыту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, турнирден кейін Өзбекстаннан келген қонақтармен әңгімелесу барысында Орталық Азия елдерінің туристік әлеуеті туралы сөз қозғалып, пікірталастың басым бөлігі дәл Алматының мүмкіндіктеріне арналған.

Байтасов мәлімдегендей, тау кластерін дамытубұл тек демалыс пен шаңғы туризмі мәселесі ғана емес, сонымен бірге жұмыс орындарын, жаңа бизнесті құруға және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етуге қабілетті толыққанды экономикалық стратегия.

«Дүниежүзілік туристік индустрияның мәліметтері бойынша, туризм әлемдегі әрбір 10-шы жұмыс орнын ашады. Әрбір турист – бұл жайғана қонақ емес», – деп жазды ол.

Ол әрбір турист бірден бірнеше салағақонақ үйлерге, мейрамханаларға, таксиге, экскурсияларға, шағын бизнеске, IT-ге, гидтерге және қызмет көрсету саласына сұраныс қалыптастыратынын атап өтті.

Мысал ретінде ол грузиндік Гудаури курортын келтірді. Бұл курорт жылдар ішінде шағын тау ауылынан елге миллиардтаған доллар табыс әкелетін және мыңдаған жұмыс орнын ашатын халықаралық туристік орталыққа айналған.

Forbes Kazakhstan баспагерінің пікірінше, Алматының бірегей артықшылықтары бар – олар таулардың мегаполиске жақындығы, табиғаты және туристерді жыл бойы қабылдау мүмкіндігі. Ол инфрақұрылымды сауатты дамытып, экологиялық тепе-теңдікті сақтаған жағдайда, Алматы Еуразиядағы ең мықты тау орталықтарының біріне айнала алады деп есептейді.

«Бұл қиял емес. Бұл нақты экономикалық стратегия. Бір ғана сұрақбар: біз табиғат берген бұл мүмкіндікті пайдалануға дайынбыз ба?» – деп жазды Арманжан Байтасов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда да сондай туристік әлеуеттің бар екеніне қарамастан, жыл сайын мыңдаған қазақстандықтардың Грузияға шаңғы тебу үшін баратынына назар аударды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3143
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2229