Дүйсенбі, 3 Тамыз 2026
46 - сөз 1468 0 пікір 30 Шілде, 2026 сағат 14:43

Таяу Шығыста жаңа соғыс өрті тұтанды ма?

Сурет: interaffairs.ru сайтынан алынды.

Сауд Арабиясы ғасырлар бойғы «көлеңкелі текетірестен» кейін алғаш рет Иранға қарсы ашық соғыс майданына шықты!

АҚШ пен Эр-Рияд Ирактағы Теһеран қолдайтын шииттік топтарға бірлесіп жойқын соққы берді.

Не болды? Хронологияға көз жүгіртсек:

  • Себеп: Иран тарапынан соңғы 72 сағатта 30-дан астам дрон шабуылы жасалып, Сауд Арабиясының мұнай нысандары мен АҚШ базалары нысанаға алынған.
  • Ответ: АҚШ пен Сауд Арабиясының әуе соққылары нәтижесінде ИРСК-дің (Ислам революциясы сақшылар корпусы) 20-дан астам әскери кеңесшісі мен Ирактағы топтардың содырлары жойылды.
  • Иранның жауабы: Ормуз бұғазында 3 мұнай танкеріне шабуыл жасалғаны хабарланды.

Неге бұл өте қауіпті? Мұнай базары сәт сайын құбылуда — Brent маркалы мұнай бағасы бірден 5%-ға өсіп, барреліне 88,5 долларға жетті. Ормуз бұғазы бұғатталса, әлемдік энергетикалық дағдарыс жаңа деңгейге көтеріледі.

Эр-Рияд бұл қадамды «өзін-өзі қорғау» деп атағанымен, бұл аймақтағы үлкен соғыстың басы ма, әлде күш көрсетіп ықтыру ма?

Бұл қақтығыстың әлемдік экономика мен Орталық Азияға әсері қандай болады?

Осы туралы ең соңғы мәліметті Abai.kz ақпараттық порталы ұсынады.

Abai.kz

0 пікір