Дүйсенбі, 25 Мамыр 2026
Аласапыран 125 0 пікір 25 Мамыр, 2026 сағат 14:21

Украина дрондары Ресейді қыспаққа алуда...

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Соңғы айларда Украинаның дрон шабуылдары Ресейдің энергетикалық кешеніне қысымды күшейте түсті. Украина президенті Зеленский: "Соғысты шыққан жеріне қайтарып жатырмыз", - деп сөйлеп, осылайша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізіліп жатқанын атап өтті.

Алдыңғы күні Украина дрондары Ресейдің стратегиялық маңызы бар "Славнефть-ЯНОС" мұнай өңдеу зауытына соққы жасаса, түнде Новороссийск аймағына соққы жасалды. Шабуылдан "Грушовая" мұнай жөнелту терминалы отқа оранған.

Бұл Ресейдің орталық бөлігіндегі ірі кәсіпорындарға жасалған жүйелі соққылардың бір парасы ғана. Reuters агенттігінің мәліметінше, осы аптада "Лукойл" компаниясына тиесілі "NORSI" мұнай өңдеу зауыты дрондар шабуылынан кейін өз жұмысын ішінара тоқтатты. Ресейдегі көлемі жағынан төртінші орында тұрған бұл кәсіпорын жылына 16 миллион тоннаға дейін мұнай өңдейтін және бензин өндіруден елдегі ең ірі екінші орындағы кәсіпорын саналатын.

Жалпы алғанда, соғыс басталғалы бері Ресей аумағындағы мұнай өңдеу зауыттарына 158 рет соққы жасалған екен. Украинаның дрон шабуылдары Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымын нысанаға алуда өте белсенді. Статистикаға жүгінсек, бүгінде Ресейдегі ірі және орта деңгейдегі 33 мұнай өңдеу зауытының 24-і әртүрлі дәрежеде шабуылға ұшыраған. Сызран МӨЗ-і 11 мәрте, ал Рязань мен Саратовтағы зауыттардың әрқайсысы 15 реттен нысанаға алынды. Қазіргі таңда Ресейде шабуылға ұшырамаған небәрі 2 ірі МӨЗ қалды, олардың екеуі де Орал тауларының арғы жағында орналасқан.

Reuters пен Bloomberg талдаушылары шабуылға ұшыраған кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуы салдарынан Ресейдегі мұнай өңдеу көлемі 2009 жылғы деңгейге дейін құлдырағанын хабарлайды. Ашық дереккөздерге сәйкес, 2026 жылғы жағдай бойынша Ресейде 38 ірі және орта мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 80-ге жуық шағын мұнай өңдеу зауыты бар. Дегенмен, соңғы уақыттағы қарқынды соққылар бұл саланың тұрақтылығына үлкен қауіп төндіріп, Ресей экономикасының негізгі тірегі саналатын секторға елеулі зардап тигізіп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3143
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2228