Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 864 0 пікір 14 Шілде, 2026 сағат 13:24

Алматы: 8 мыңнан астам адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен.

Алматыда 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 192 тұрғынға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады.

Арнайы әлеуметтік қызмет ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, сондай-ақ өмірінде қиындық болып жатқан азаматтарға көрсетіледі.

Стационарлық жағдайда 1 402 адамға қызмет көрсетілді. Жартылай стационарлық форматта 1 399 азамат қажетті көмек алды.

Үй жағдайында 4 614 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтар бар.

Бұған қоса, 777 азаматқа, оның арасында тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және өзге де әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға уақытша болу қызметі ұсынылды.

Қалада аталған санаттағы тұрғындарды әлеуметтік қолдау, оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1285
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2837
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 939
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 880