Ресейлік «Полиметалл» Варваринское алтын-мыс кен орнының 100% үлесін сатып алды
Алматы. 2 қараша. ҚазТАГ – Ресейлік «Полиметалл» ААҚ Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан Варваринское алтын-мыс кен орнының 100% үлесін Orsu Metals Corporation (Orsu) компаниясынан сатып алу бойынша келісімшартты аяқтады, делінген дүйсенбі күні «Полиметалдың» сайтында жарық көрген ақпаратта.
«Полиметалл» 2009 жылдың 15 маусымында Orsu компаниясынан Варваринское алтын-мыс кен орнының 100 пайыз үлесін иеленуге заңды міндет беретін сатып алу-сату келісімін бекіткенін хабарлады.
«Полиметалдың» Orsu пайдасына жиынтық төлемі жабылу сәтінде ақшалай түрде $8 млн және төлемдерді кешіктіргені үшін пайыздармен қоса $12 млн құрайды. Бұған қоса, ресейлік компания Orsu-дың Варваринское кен орнымен байланысты міндеттемелерін ($73 млн) және құны $140 млн-ға жуық алтынға форвардтық келісімшартты орындау міндеттемелерін өз мойнына алады.
Варваринское алтын-мыс кен орны Қостанайдан 130 км жерде, Ресеймен шекарадан 10 км қашықтықта орналасқан. Orsu және оның алдындағы European Minerals Corporation компаниясы жылына 4,2 млн тонна кен игеретін карьердің, өңдеуші фабриканың және инфрақұрылымның құрылысына $240 млн қаржы салды.
Алтын өндіру 2007 жылдың желтоқсанында, ал алтын-мыс концентратын өндіру 2008 жылдың наурызында басталды.

«Полиметалл» ААҚ 1998 жылы Санкт-Петерборда «ИСТ» компаниялар тобы құрған. Компания Ресейдің Магандан облысында, Хабаров аймағында және Свердлов облысында алтын және күміс өндіреді. 2008 жылы компанияның кәсіпорындарында алтын өндірісі 18% артып, 8,9 тоннаны құрады. Күміс өндіру көлемі 8% артып, 534 тоннаны құрады.