Қазақстанда ЖОО ақысы қанша?
Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары жоғары оқу орындары жариялаған оқу ақысының тарифтерін талдап, оларды халықтың табыс деңгейімен салыстырып, отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ салмай оқу ақысын төлеу үшін қандай табыс қажет екенін есептеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы медианалық жалақы 331,5 мың теңгені, ал орташа жалақы 461,5 мың теңгені құрады. Медианалық жалақы «орташа» қызметкердің табысын дәлірек көрсетеді, өйткені жалдамалы қызметкерлердің жартысы осы сомадан аз, ал жартысы одан көп жалақы алады.
Бір жылдық оқу құны қанша?
Жақында жарияланған тарифтерге сәйкес, қарастырылған қазақстандық жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы 1,1 млн теңгеден басталады. KIMEP университетінде бұл сома 5,9 млн теңгеге, ал Nazarbayev University бакалавриатында жылына шамамен 7,6 млн теңгеге дейін жетеді.

Дереккөз: ашық ақпарат көздері
Есептеуді жүргізген: Freedom Life ӨСК
Есептеулер 331,5 мың теңге көлеміндегі медианалық жалақы негізінде жасалды. Оқу ақысы білім беру бағдарламасына, факультетке, курсқа және академиялық кредиттер санына байланысты өзгеруі мүмкін.
Оқу ақысын төлеу үшін отбасының табысы қандай болуы керек?
Отбасы бюджетіне түсетін жүктемені бағалау үшін Freedom Life мамандары оқуға отбасының жылдық табысының 15%-ынан аспайтын қаражат жұмсалатын есептік модельді қолданды. Бұл – ресми норматив емес, ағымдағы шығындардың басым бөлігін қысқартпай оқу ақысын төлеуге мүмкіндік беретін шартты сценарий.

Дереккөз: ашық ақпарат көздері
Есептеуді жүргізген: Freedom Life ӨСК
Осылайша, жылына 1,5 млн теңге тұратын салыстырмалы түрде қолжетімді оқу ақысын төлеу үшін отбасының жиынтық айлық табысы шамамен 833 мың теңгені құрауы қажет. Бұл бір қазақстандық қызметкердің медианалық жалақысынан 2,5 есе жоғары және орташа жалақыдан 1,8 есе көп.
Егер отбасында екі адам жұмыс істеп, әрқайсысы медианалық жалақы алатын болса, олардың жиынтық табысы айына шамамен 663 мың теңгені құрайды. Мұндай жағдайда да 1,5 млн теңге көлеміндегі бір жылдық оқу ақысын төлеу отбасының жылдық жиынтық табысының шамамен 19%-ын талап етеді.
Әрине, бұл ақылы жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндігі бар қазақстандықтардың нақты үлесін көрсетпейді. Бір қызметкердің табысы отбасының жалпы бюджетін, жинақтарының бар-жоғын, балалар санын және міндетті шығындарын толық сипаттай алмайды. Дегенмен есептеулер алдын ала жинақсыз оқу ақысын төлеу мүмкіндігі көбіне табысы орташа деңгейден едәуір жоғары отбасыларға тән екенін көрсетеді.
Отбасы бюджетіне түсетін ауыртпалықты қалай азайтуға болады?
Негізгі қаржылық қиындық бірнеше миллион теңгені дәл оқуға түсер алдында табу қажеттілігінен туындайды. Егер білім алуға арналған капиталды алдын ала жинақтай бастаса, ірі соманы бірнеше жылға бөлінген шағын тұрақты жарналармен алмастыруға болады.
Ұзақ мерзімді жинақтаудың тиімді құралдарының бірі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында жұмыс істейтін Freedom Keleshek өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы.
«Freedom Keleshek бағдарламасы ағымдағы жылы 5 жасқа толатын балаларға мемлекеттен 60 АЕК көлемінде бастапқы білім беру капиталын, ал әлеуметтік осал санаттарға жататын балалар үшін 120 АЕК көлемінде қаражат қарастырады. Сонымен қатар жинақ сомасына жыл сайын 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшері – 100 АЕК. Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша сақтандыру компаниясы жылдық 14% инвестициялық табыс есептейді. Шартты рәсімдеу және жинақты басқару толықтай онлайн қолжетімді, әрі келісімшарттың бүкіл мерзімі бойы сақтандыру қорғанысы сақталады», – деп атап өтті Freedom Life ӨСК мамандары.
Бағдарламаның ресми парақшасында сақтандырылған ата-анамен сақтандыру жағдайы орын алған кезде төлем шарт аяқталғанға дейін жоспарланған жинақ сомасына сүйене отырып жүргізілетіні, яғни енгізілген жарналардың санына тәуелсіз жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Мұндай тәсіл табысы орташа деңгейден айтарлықтай жоғары болмаса да, баласына жоғары оқу орнын еркін таңдауға мүмкіндік жасағысы келетін ата-аналарға қолайлы болуы мүмкін. Жинақ неғұрлым ертерек басталса, қажетті тұрақты жарна соғұрлым аз болып, оқуға түсу сәтіндегі отбасы бюджетіне түсетін ауыртпалық та төмендейді.
«Қаржы құралының сенімділігі де маңызды рөл атқарады. Қазақстандағы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (СТКҚ) кепілдік жүйесі өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түріне, соның ішінде білім беру бағдарламаларына да қолданылады», – деп түсіндірді сарапшылар.
Abai.kz