Сейсенбі, 21 Шілде 2026
Билік 331 0 пікір 21 Шілде, 2026 сағат 12:57

Орта жас – 45: «Әділет» партиясының партиялық тізімі ОСК тіркеуінен өтті «Әділет» алғашқы сайлауына осылай қатыспақ

Сурет: adilet-partiyasy.kz сайтынан алынды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған партиялық тізімін тіркеуді аяқтады. Осылайша, саяси ұйым сайлауалды науқанның келесі кезеңіне өтті.

Тізімге енген 186 кандидат түрлі кәсіби ортадан шыққан. Олардың арасында заңгерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, сондай-ақ әлеуметтік, өндірістік және цифрлық салалардың мамандары бар.

Сурет: adilet-partiyasy.kz сайтынан алынды.

Кандидаттардың орташа жасы 45-ті құрайды. Партияның сайлауға арналған бағдарламасы цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, «Әділет» партиясы 2026 жылдың 1 маусымында ресми тіркеліп, алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеген еді. 10 шілдеде өткен партияның кезектен тыс III Съезінде 186 кандидаттан тұратын партиялық  тізімді жариялап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Әділет» партиясы Парламент сайлауына алғаш рет қатысқалы отыр. Құрылтай депутаттарының сайлауы биыл 23 тамызда өтеді.

Толығырақ: Әділет партиясы 

Abai.kz

0 пікір