Қазақстан мен Израиль ынтымақтастықты күшейтуде...
Қазақстан мен Израиль инновациялар мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде...
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Тель-Авивте Израильдің Инновациялар жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары Кофманмен кездесті.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында қазақстандық компаниялар мен Израильдің технологиялық секторы арасында байланыс орнату мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Қазақстанда озық технологияларды енгізу бойынша бірлескен жобаларға израильдік тараптың қолдау көрсетуі де жеке сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты уағдаластықтарды, соның ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының қызметі шеңберінде тиімді іске асыру мақсатында тығыз өзара іс-қимылды ұстануға келісті.
Abai.kz