Сенбі, 1 Тамыз 2026
Жаңалықтар 350 0 пікір 30 Шілде, 2026 сағат 16:16

Қазақстан мен АҚШ энергия ресурстарын талқыламақ

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

- Өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экспорттық инфрақұрылымның сенімді жұмыс істеуі және әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын тұрақты жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялар тартуға және энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған Стратегиялық энергетикалық әріптестік аясындағы белсенді диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады, - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен АҚШ бірлескен ғылыми-инжинирингтік орталықтар ашуы мүмкін екені хабарланды.

Abai.kz

0 пікір