Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 19936 0 пікір 3 Қараша, 2009 сағат 19:01

Хан Тәңірі...

Хан Тәңірі... десе, Шер-ағамыздың «Бір кем дүниесі» еріксіз еске түседі. Неге десеңіз, бұл шың бар-жоғы бес метрге «бойын» ұзартса, «жетімыңдық» шыңдардың жампозы болғалы тұр еді. Қайтесіз, бір кем дүние... Енді бір есеп-қисап бойынша, оның биіктігі 7010 метрден де асып жығылатын көрінеді. Қалай болса да, Аспантаудың (Тянь-шань) алып шыңдарының бірі - Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе «қанды тау» деп те аталады) білмейтін жан жоқ. Қызық болғанда, шың Қазақстан, Қырғызстан және Қытай секілді үш мемлекеттің шекарасын түйістіріп тұр. Бізге қарайтыны - оның солтүстік бөлігі. Шыңның ерекшелігі неде десеңіз, оның жып-жылтыр мұздан жасалғандай үшкір пирамида пішіндес болып келуі, әрі жапонның Фудзияма шыңындай басын үнемі тұман бүркеп тұруы оның төңірегінде талай аңыз-әфсананы туғызған. Мысалға, көзкөргендердің айтуынша, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді екен. Осыдан да Хан Тәңірі шыңын «қанды тау» деп атап кеткен деседі. Ең алғаш қазақ жерінің ең биік нүктесі турасындағы мәліметтер бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын Қытай жылнамаларында кездессе керек.

Хан Тәңірі... десе, Шер-ағамыздың «Бір кем дүниесі» еріксіз еске түседі. Неге десеңіз, бұл шың бар-жоғы бес метрге «бойын» ұзартса, «жетімыңдық» шыңдардың жампозы болғалы тұр еді. Қайтесіз, бір кем дүние... Енді бір есеп-қисап бойынша, оның биіктігі 7010 метрден де асып жығылатын көрінеді. Қалай болса да, Аспантаудың (Тянь-шань) алып шыңдарының бірі - Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе «қанды тау» деп те аталады) білмейтін жан жоқ. Қызық болғанда, шың Қазақстан, Қырғызстан және Қытай секілді үш мемлекеттің шекарасын түйістіріп тұр. Бізге қарайтыны - оның солтүстік бөлігі. Шыңның ерекшелігі неде десеңіз, оның жып-жылтыр мұздан жасалғандай үшкір пирамида пішіндес болып келуі, әрі жапонның Фудзияма шыңындай басын үнемі тұман бүркеп тұруы оның төңірегінде талай аңыз-әфсананы туғызған. Мысалға, көзкөргендердің айтуынша, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді екен. Осыдан да Хан Тәңірі шыңын «қанды тау» деп атап кеткен деседі. Ең алғаш қазақ жерінің ең биік нүктесі турасындағы мәліметтер бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын Қытай жылнамаларында кездессе керек. Алайда, шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі - XIX ғасырдың ортасы, 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында орыс географы және саяхатшысы Семенов Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне банланысты көрген-білгенін бірінші болып хатқа түсірді. Жауһарларымызды бағалай білейік, жамағат!

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364