Сәрсенбі, 29 Шілде 2026
Жаңалықтар 290 0 пікір 29 Шілде, 2026 сағат 15:42

Бекіре бейнесіндегі шоу: Атыраудағы ӘDILET OPEN AIR қалай өтті?

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Атырау облысына жұмыс сапары ауқымды қалалық мерекемен қорытындыланды. ӘDILET OPEN AIR-ге жиналған мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы кештің басты оқиғасы болған дрондар шоуын тамашалады.

Концертпен басталған мерекелік кеште Райым, Бейбіт Қорған сынды қазақстандық сахна жұлдыздары өнер көрсетті. Бейбарыс Сұлтан атындағы орталық алаңда көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер шырқалып, оларды мыңдаған адам қосыла орындады. Жазғы фестиваль жиылған көпшілік үшін осылай ерекше атмосфера орнады.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Концерттің соңы әдеттегідей дрондар шоуына ұласты. Жарқыраған 500 аппарат бір мезетте көкке ұшып, елімізге тән, нышандарды бейнелеп, әсерлі композициялар жасады. Әсіресе, мұнай сору қондырғысы мен Атыраудың айшығына айналған әйгілі бекіре бейнесі жұртшылық көңілін аулай түсті.

Айта кетсек, бұл мерекеге дейін республикалық штаб өкілдері бірқатар нәтижелі кездесу өткізген болатын. «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Атырау мұнай өңдеу, TEXOL вагон жасау зауыттарында және «Ембімұнайгаз» АҚ-да болып, еңбек ұжымдарына сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта пікір алмасты. Сонымен қатар, штаб мүшелері студенттермен, жастармен және өңір жұртшылығымен жүздесіп, өнеркәсіпті дамыту, кадр даярлау, цифрландыру және жас мамандарды қолдау мәселелерін талқылады.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Атырау облысы Түркістан және Маңғыстау облыстарынан кейін «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабы табан тіреген үшінші өңір болды.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Abai.kz

0 пікір