Қарағанды облысының кеншілері мен металлургтері «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасына қолдау танытты
Костенко атындағы шахта жұмысшылары мен «Qarmet» компаниясының өкілдері «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасына қолдау білдірді. Партия төрағасы Айбек Дәдебай мен партияның басқа кандидаттары 700 метр тереңдіктегі шахтаға түсіп, олармен еркін әңгімелесті.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды
Партия өкілдері жерасты шахтасына бірінші рет түсті. «Әділет» партиясы сайлауалды штабының мәліметінше, бұл сапардың басты мақсаты –бағдарламаны таныстыру ғана емес, шахтерлердің күнделікті еңбек жағдайын өз көздерімен көріп, олардың ұсыныстарына құлақ түріп, тікелей тілдесу.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды
«Бұл жұмыстың қаншалықты ауыр екенін көп естідік. Дегенмен, бәрін өз көзімізбен көріп, халықпен жүздесе отырып, сұрақтары мен ұсыныстарын өзіміз тыңдағанымыз жөн болар деп ойладық», – деді партия өкілдері.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды
Бағдарламаға еңбек ұжымының өкілдері де қолдау білдірді. «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев еңбек адамы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болу керек екенін және бұл мәселе партияның бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды
«Әділет» партиясының басшылары шахтаға арнайы түсіп, еңбек жағдайын өз көздерімен көріп, жұмысшылармен ашық сұхбаттасқаны біз үшін өте маңызды. Еңбек адамы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болу керек және бұл қағида партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын көріп отырмыз», – дейді ол.
«Qarmet» компаниясының бас директоры Вадим Басиннің айтуынша, сайлау науқаны басталмай тұрып-ақ өндірісші, инженер мен шахтерлер оған өз үлесін қосқан.
«Бұл өте маңызды кездесу болды. Кәсіпорындар көтерген кейбір түйткілді мәселелер бағдарламада өз шешімін тапты. Біз үшін металлургия өнеркәсібінің қалай дамитынын және отандық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясаттың қандай болатынын түсіну өте маңызды», - деді Вадим Басин.
Ал саясаттанушы Әділ Қаукенов болса, «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасының өнеркәсіптік блогы тек өндірісті дамытуға ғана емес, жұмысшылардың мүддесіне де бағытталған деп есептейді.
«Қазақстан үшін шикізаттың ішкі нарықта өңделген көлемін арттыру және толыққанды өндірістік тізбектер құру аса маңызды. Дәл осы тәсіл тау-кенметаллургия кешені мен бүкіл ел экономикасының ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді сарапшы.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров
Abai.kz