ҚР ОСК сайлау бюллетенін жариялады
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін бекітті. 12,6 миллионнан астам сайлаушы көгілдір түсті екі жақты бюллетень алады.
Бюллетеньнің бірінші бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен оның атауы орналастырылған. Екінші бетінде 2026 жылғы 23 шілдедегі жеребе қорытындысы бойынша белгіленген ретпен саяси партиялардың атаулары, сондай-ақ «Бәріне қарсымын» жолы орналасқан.
ОСК мүшесі Михаил Бортник айтқандай, бюллетеньдер үшін полиграфиялық қорғаныс қарастырылған. Оның ішінде офсеттік басу әдісімен түсірілген элементтер, сондай-ақ түстің, баспа шрифтінің белгіленген параметрлері және басқа да қорғаныс элементтері бар.
Бюллетеньдерді сайлау учаскелеріне жеткізу дауыс беру күніне дейін үш күннен ерте емес басталып, дауыс беру басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей аяқталады. Тираж сайлаушылар санына сәйкес 1% резервпен басып шығарылады.
Abai.kz