Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 862 0 пікір 3 Тамыз, 2026 сағат 14:55

Әлемдік мұнай бағасы күрт арзандады

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Азиядағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы 4%-дан астам төмендеді. Бұл жағдай АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға жоспарланған соққыны тоқтатуынан кейін орын алды.

Құлдырау салдарынан қыркүйектегі жеткізіліммен West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері 4,5%-ға арзандап, барреліне 80,89 долларды құрады.

Ал Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 4,4%-ға төмендеп, барреліне 84,10 долларға дейін түсті.

Оған қоса, ОПЕК+ ұйымының қыркүйек айынан бастап өндірісті тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешімі де мұнай бағасына қосымша қысым түсіруде.

Сонымен бірге Тегеран тарапы әлі де екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін растаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 835
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2201
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 559
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 539