Бейсенбі, 13 Тамыз 2026
Жаңалықтар 968 0 пікір 3 Тамыз, 2026 сағат 16:25

Полиция полковнигіне қатысты тергеу жүріп жатыр...

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Елордалық полиция полковнигіне қатысты іс қозғалды ма? ҰҚК тергеу жүріп жатқанын растады...

Комитет Астана қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты қылмыстық іс бар екенін растады.

ҰҚК айыптау бабы мен істің мән-жайын ашпады. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді», — деп хабарлады күштік құрылым өкілдері.

Олар қылмыстық істің қай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

Әлия Мақаева ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Астанадағы Алматы аудандық ішкі істер басқармасында тарбие және кадр жұмысы жөніндегі инспектор болып бастаған.

2004 жылдан 2018 жылға дейін Есіл ауданы көші-қон полициясының аға инспекторы болып жұмыс істеді, кейін әйелдерді зомбылықтан қорғау мәселелерімен айналысып, Азаматтық және иммиграция бөлімінде ерекше тапсырмаларды орындады.

2022 жылы елордалық полицияның Көші-қон қызметі басқармасы Азаматтық және иммиграция бөлімін басқарды, кейін басқарма бастығының орынбасары болды.

Abai.kz

0 пікір