Қарағанды облысында ҚАЖК тексерушісіне түрмеге ұялы телефон өткізіп жіберуі үшін 150 мың теңге ұсынған
Шахтинск, Қарағанды облысы. 4 қараша. ҚазТАГ – Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жергілікті екі тұрғын ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) тексерушісіне түрмеге ұялы телефон өткізіп жіберуі үшін 150 мың теңге пара бермекші болған. Бұл туралы ҚАЖК баспасөз қызметі хабарлады.
«Пара ұсынған тексеруші оқиға туралы басшыларына хабарлады. Қолданыстағы заң бойынша тексеруші тек ведомствоға қарайтын территорияда ғана оперативтік амалдарға бара алатыны себепті, біз полицияға жүгініп, пара берушілерді ұстауға арнайы операция жүргізуін өтіндік. Осы сейсенбіде олар сержантқа пара беру үстінде ұсталды», - деді ҚР ӘМ ҚАЖК баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов.
Ұсталғандарың екуі де - 27 және 20 жастағы жұмыссыздар. Олардың үлкені бұрындары сотталған.
Комитет жариялаған ресми мәлімет бойынша, бұл Қарағанды облысындағы қылмыстық атқару жүйесінде пара беруге әрекеттеудің екінші оқиғасы. Ал жалпы республика бойынша жыл басынан бері осындай 14 оқиға тіркелген.
Ғ. Хасеновтың айтуынша, пара беру әрекеттері үшін Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық істер ашылған.

ҚАЖК мамандары пара беру оқиғалары негізінен түрмедегілердің туыстары мен достары тарапынан түрмеге заңмен тыйым салынған заттарды өткізіп жіберуге, кезектен тыс кездесу ұйымдастыруға, сондай-ақ мезгілінен бұрын түрмеден босатуға көмектесуді өтініп ұсынатыны анықталғанын айтады.