Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
Жаңалықтар 2116 0 пікір 13 Тамыз, 2026 сағат 14:44

Елбұзар ресейлік стример Қазақстаннан қуылды...

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желідегі мәлімдемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған ресейлік стример Қазақстаннан кетті. Оған елге кіруге бес жылға шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында шетел азаматын депортация жасау кезінде түсірілген видео жарияланды. Бұған дейін сот оны әлеуметтік желідегі арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан еді.

Оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды.

«Заң талаптарын сақтау және елге құрметпен қарау – баршаға ортақ міндет», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, желіге мониторинг жүргізу барысында шет мемлекеттің азаматы Г.К.-ның арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқан тікелей эфирлері анықталған еді.

Сот шешімімен шетел азаматына айыппұл салынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 873
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1168