Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 686 0 пікір 25 Тамыз, 2026 сағат 14:09

Aspan fest мега фестиваліне 15 мың адам қатысты

Суреттер: Алматы облысының әкімдігінен алынды.

Қонаев қаласыны орталық  алаңында   ASPAN FEST мега фестивалінің жабылу салтанаты өтті.  Маусым айында   бастау алған мәдени іс-шара Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын әр ай сайын   әуезді әуенмен  шатттандырды.

Биыл жаз айларында  Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының музыкалық шоуын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестивальге келушілер үшін демеушілердің қолдауымен ұтыс ойындары да өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды кештердің тегін өтуіне облыс әкімдігі қолдау көрсеткен.

– Фестивальге елге  танымал  көптеген эстрада жұлдыздары қатысты. Шара аясында өз өнерпаздарымызда сахнада өнер көрсетті. Фестиваль Алматы облысының тұрғындарына серпіліс сыйлау мақсатында демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған. Осылай қала тұрғындары мен қонақтарына көңілді кеш, ұмытылмас әсер сыйлауға күш салдық,– деді облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев.

Облыс орталығында  өткен  ASPAN FEST мега фестивалінің жабылу салта-тында сахна төрінде Қайрат Нұртас, «МузАРТ» тобы, Әбдіжаппар Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы, Raim, Alem, сондай-ақ Зарина Омарова, Райым Уайс, Дана Кентай және өзге де өнерпаздар өнер көрсетеді. Фестиваль барысында көрермендерге арналған арнайы бағдарламалар мен сыйлықтар ойнатылып, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндіру жұмыстары жүрілді. Айта кетейік, мега фестивальдің жабылу салтанатына 15 мыңнан астам көрермен жиналып, белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Көрермендер биылғы ASPAN FEST мега фестивалінің жоғары деңгейде өткенін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1524
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3143
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1134
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1053