Норвегия королі V Харальд қайтыс болды
Норвегия королі V Харальд қайтыс болды. Тақта өткен 35 жылдан кейін елдің жаңа королі болып оның ұлы Хокон тағайындалды.
Норвегия королі V Харальд 28 тамызда 89 жасында дүниеден өтті. Оның қазасы туралы Норвегияның Корольдік отбасы ресми түрде хабарлады.
Монарх жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:35-те қайтыс болды. 35 жылдық биліктен кейін тақ оның ұлы – Хоконға өтіп, ол елдің жаңа королі атанды.
Тақты кім мұраланады?
V Харальдтың артында жубайы – королева Соня, екі баласы және бес немересі қалды. Енді тақ мұрагері мәртебесі оның немересі Ингрид Александраға өтті.
Abai.kz