Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 169 0 пікір 1 Қыркүйек, 2026 сағат 15:00

Тоқаев: Соғыс аймағы кеңейіп жатыр...

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі ШЫҰ саммитінде геосаяси текетірес пен әскери тәуекелдерді азайтуды ұсынды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қарулы қақтығыстардың салдары әскери іс-қимыл жүріп жатқан аумақпен шектелмей, ғаламдық деңгейге тарап жатқанын айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазіргі әлемде геосаяси бақталастық күшейіп, мемлекеттер арасындағы өзара сенім әлсіреп барады. Мұндай жағдайда халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ШЫҰ-ның жауапкершілігі арта түседі.

«Әсіресе, қарулы қақтығыстардың салдары көбіне әскери іс-қимыл аймақтарынан тысқары жерді шарпып, халықаралық нарықтарға, коммерциялық кеме қатынасына, орнықты энергетикалық және көлік байланыстарына нұқсан келтіріп жатқаны алаңдатады. Сонымен қатар дағдарыстың трансшекаралық сипатта белең алу қаупі күшейіп келеді», – деді Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 188
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 290
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 197
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 203