Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа барды
Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды: 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады...
1 қыркүйек — Bilim күнінде Қазақстан бойынша 380 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барып, алғашқы қоңырау сыңғырын естіді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында еліміздегі 8 мыңға жуық мектепте 4 миллионнан астам оқушы білім алады. Олардың ішінде 227 мың оқушы мектеп бітіруші 11-сыныпта оқиды.
Бірінші сыныпқа қабылданған оқушылардың білім алу тілі бойынша көрсеткіші төмендегідей:
| Оқыту тілі | Оқушылар үлесі (%) |
| Қазақ тілінде | 71,1% |
| Орыс тілінде | 26,6% |
| Басқа тілдерде | 2,3% |
Елдегі инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ресми деректерге сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында:
-
32 жаңа мектеп пайдалануға берілді (18 090 оқушыға арналған);
-
32 мектепке дейінгі ұйым ашылды (4 207 тәрбиеленушіге арналған).
Айта кетерлігі, жаңадан салынған 14 мектеп пен 26 балабақша ауылдық жерлерде орналасқан, бұл өңірлердегі білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Abai.kz