Сары күздегі сағынышты жырлар...
Бүгін Abai.kz ақпараттық порталы «Әдебиет» айдарында ақын Шаһидолла Самұратұлының (Ш.Бөкей) өлеңдерін ұсынып отырмыз...
Сары күз
Отыамын оңаша ойланып ,
Қияалдың босатып тізгінін.
Жәйма - шуақ жаз өтіп,
Келіпті сарғайған күзгі күн
Сарі күз, сары күз,
Сап-сары сағыныш .
Сарғайған сезімдер,
Сарқылған төзімдер,
Кемпірдей аңсаған қыз күнін.
Бапталған жүйріктей,
Құйрық-жалы сүзілген.
Самалмен ырғалар ақ қайың,
Жапырығы үзілген.
Сарғайған жапырақ,
Сап-сары атырап.
Сағыныш сазындай,
Арудың назындай,
Қаздардың керуені тізілген.
Сағныш сезімі,
Жүректі езеді.
Сарінға ұласып,
Әсем ән қыр асқан,
Жер-жаһан гүл ашқан.
Көктемге көңілім,
Түрады тым асық.
Сарайым ашылмас,
Сарығым басылмас.
Сары қымыз ішпесем,
Сарінды өмірім,
Сағыныш көңілім,
Ұқсайсың сары күзге сен.
Сарі күз, сары күз, сары күз...
Сары күзгі сағыныш
Армысыздар тусқандар бір туған,
Сендерге айтар көңілде көп сыр тұнған.
Айлап,жылдап жүрсемдағы алыста,
Тілектес боп жүрем ылғи сыртыңнан.
Бір туу бар,бірге жұру жоқ екен,
Екі жаққа айырлады жол ертең·
Балтыр сыздап,бас ауырған шақтарда,
Бәйтеректей сая болған көлеңкең.
Кеуде бөлек,жүрегіміз қайнасқан,
Көңіліміз кіршігі жоқ айлы аспан.
Тағыдырымыз екі бөлек болғанмен,
Өміріміз бір қазыққа байласқан.
Бір атадан туғанансоң бәріміз,
Өртақ екен қанымыз бен жанымыз.
Жыл айналып келді міне тағы бір,
Сағынышым сияқталған сары күз.
Сазды әуенді қайтқан құстар тізбегі,
Сағынштың үніндей боп біздегі.
Сағынштан құлазиды көңілім,
Сарғыш тартқан сар даладай күздегі.
Жүрегінде жоқ кірбеңдік,армдық,
Айналайын туған елім,тамам жұрыт.
Сағынышпен тілейтінім бәріңе,
Бауыр бұтын,болсын
мәңгі амандық.
Сары жапырақ - сары күз
Сан құбылып сары күздің реңі,
Қошқыл бұлт көк аспанда түнерді.
Табылардай саябаққа жол тарттым-
Құлазыған көңілімнің бір емі.
Талантімен тауын жыққан талайдың,
Саябағы саңлақ ұлы Абайдың -
Ығы-жығы топырлаған адамдар,
Мүсініне көзім тоймай қараймын.
Бар әлемдік поэзия үлгісі,
(Ешкімгеде тіл қатпайды бұл кісі).
Теңіздейін терең ойға шомылып,
Келетіндей бір нәрсені білгісі.
Көзім көріп куә болдым мынаған,
Бақша тола сары жапырақ сұлаған.
Аяғымен таптап өтіп барады,
Назар салып қарамастан бір адам.
Күзгі күнгі мюа бақтай жемістеп,
Көбік қиял көп нәрсені терістеп.
Ештеңеге тағат таппай О ғажап,
Ойым кетті соны қуып өрістеп.
Міна адамдар түсінбейді-ау бұл мені,
(Оранып ап үлде менен бүлдені).
Жалғыз өзім тынымсыз бір күй кештім,
Шырылдаған шегірткедей түндегі.
Түсінбейді,түсінбейді адамдар,
(Оған бола жөнім жоқ қой жамандар).
Не болады менің жалғыз шырылым,
Сендерге Алла сана берсін жарандар.
Деп күбірлеп өз-өзімді жұбаттым,
Бұл арадан кеткім келіп жырақ тым.
Мөлдір көңіл әлде неге көбеңсійіт,
Таудан аққан суындай тас бұлақтың.
Жастық шақта асып-тасып толарсың,
Қартаю бар ол да баста болар шын.
Ей адамдар сендердағы бір күні,
Сары жапырақ сияқтанып соларсың.
Тұс жапырақ ол да Алланың қалауы,
(Маңгі жанбас өміріңнің алауы).
Сұлап жатқан сары жапырақ сияқты,
Ғұмырыңның сағаттары санаулы.
Әккі аңшыдай улы уақыт тор жайып,
Өміріңды кеміреді бордай қып.
Түспей тұрып ойланыңдар адамдар,
Ғұмырыңның жапырағы сарғайып·
Сағыншқа толы күз
Мүмкін емес қайта оралу өткенге,
(Енді екеуміз бара алмаймыз көк белге).
Көңілімнің олқы тұсы көп менде,
Көтеремдей әрең жеткен көктемге.
Дәу қалада келем жалғыз құлазып,
(Көңілімнің жарты аспаны құла бұлыт).
Қағып -соғып өтіп жатыр қасымнан,
Әлде неге асығыстау мына жұрыт.
Ауыр ойлар маза бермей қамшылап,
(Жүрегімді мазалайды сан сұрақ).
Сары күзде тұнып қалған шық құсап,
Жанарыма жас келеді тамшылап.
Ұры уақыт жасырғанмен іздерді,
(Оралмайды сол бір көктем бізге енді).
Еске салып сағынышты ескірген,
Міне тағы сарғайған бір күз келді.
Жаңа маусасым бір күз келді жыл аунап,
(Жылы жаққа тырнада ұшты тыраулап).
Қолтықтасып, шалқып басып келер деп,
Бәз-баяғы бізді күтіп тұр-ау бақ.
Келді солай сағынышқа толы күз,
(Қуаныштан мүмкін көптеу сорымыз).
Өмір-өзен арнасында баяғы,
Өзгерген тек екеуміздің жолымыз.
Сары күз бен сары қыз
Қиял қуып келе жаттым қалада,
(Ержетсем де кейде ұқсаймын балаға).
Әлде неге құлазиды көңілім,
Құба шолды қалғандай бір Далада.
Алматы мен Астанадай қаламыз,
Байтақ мынау сары арқадай даламыз.
Аппақ желек жамылғалы ай толды-ау,
Ал мен тұрған қалада әлі қара күз.
Айағыңа алтын ұйып жатсада,
(Сағым көңіл сатылмайды ақшаға).
Әдетіме басып сол бір баяғы,
Қадам бастым көп баратын бақшаға.
Уілдейді боран ырғап талдарды,
(Әлде кімнің желге ұшқандай арманы).
Қимастықпен сабағынан ажырап,
Үзіледі жапырақтар бәр-бәрі.
Сары жапырақ түсіп жатыр саудырап,
Талын қимай жас қыршындай жаудырап .
Мен де барып айақ жазып отырдым ,
Топты адамдар жүрген жерден сәл жырақ.
Жүректегі нысананы басып дәл ,
Қол ұстасып кетіп барат ғашықтар .
Бірін-бірі басып ыстық құшаққа ,
Мына жақта сүйіседі пасықтар.
Деме достым жазбадың деп өзге өлең ,
(Көрмейтінді көрет кейде көз деген) .
Өз отымды өзім үрлеп жағайын,
Үміттенбейім жылу күтіп өзгеден.
Арман ару қолын бұлғап алыстан,
Сары алтындай сары күзде танысқан.
Бар еді ғой сары қызым менің бір,
Қозы болсам баяан болып табысқан .
Сол сары құс ұшып кетті қолымнан,
(Заман-жылан кес-кестеді жолымнан).
Сағынштан сарғайып тұр жүрегім,
Қара шаншу қадалғандай жонымнан.
Сары жапырақ сияқты сол үзілген,
Менде солай жаңылдым ба ізімнен.
Жарты жолда адастырған бағыттан,
Енді үміт күтпеймін бұл күзімнен.
Сағыншты арқалатты -ау сары күз,
Сары күзде танысқан ет сары қыз.
сағымдайын ғайып болып кетсіеңде,
Сағынсып жүргендейміз әлі біз....
Жабырқасам өлең жазып қуанам ,
(Тағдыр өзі берген дарын туадан).
О,таңірім ақындарды жылатпа ,
Жылап қалсам қайтып қана уанам.
Abai.kz