Жексенбі, 11 Қазан 2026
Анық-қанығы 593 0 пікір 3 Қыркүйек, 2026 сағат 15:02

Қазақстанда алғашқы АЭС-ті кім салады?

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы бойынша келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу бағытында маңызды қадам жасалды. Тараптар жобаны жүзеге асыруға негіз болатын ресми құжатқа қол қойды. Келісімшартты «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін «Атомстройэкспорт» АҚ жасасты.

Уағдаластыққа сәйкес, келісімшарт станцияны жобалау, қажетті жоғары технологиялық жабдықтарды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық қамтиды. Дегенмен, дайындық процесі бірнеше кезеңнен тұрады, сондықтан нысанның құрылысы бірден басталмайды. Қазіргі уақытта тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметімен тиісті келісу мен бекіту рәсімдерін жүргізуі тиіс.

Еліміздегі тұңғыш АЭС Алматы облысының Үлкен ауылы маңында бой көтереді. Жоспарға сәйкес, барлық дайындық және келісу жұмыстары аяқталған соң, станцияның белсенді құрылыс кезеңі 2027 жылы басталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 936
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1254