Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Аласапыран 167 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 14:03

Сибиганың сұхбаты һәм Астана мен Киев арасы...

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Дипломатия майданындағы ақиқат

Үлкен саясаттың дүрбелеңді сілкіністері мен ғаламдық алапат текетірестер өршіп тұрған шақта, халықаралық аренадағы әрбір сөз бен қадам ерекше салмаққа ие болатындығы дау тудырмайды. Жақында Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибиганың отандық Ulysmedia басылымына берген сұхбатында өңірдегі саяси ахуалдың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, Қазақстан мен Украина арасындағы дипломатиялық диалогтың сипатын жан-жақты айқындап берді.

«Қазақстан нысандары ешқашан қарауылға алынған емес»

Украина СІМ басшысы өз сөзінде соңғы уақыттағы түрлі қауесеттер мен ақпараттық дабыраларға нүкте қойған өз елінің ресми ұстанымын ашық білдірді. Оның айтуынша, Украина ешқашан Қазақстанның нысандарына да, коммерциялық кемелеріне де соққы бағыттаған емес және бағыттамайды да. Орын алған кез келген түсініспеушіліктер мен оқиғалардың түпкі себебі — Ресейдің әскери агрессиясына туындап жатқан жайы бар.

Дей тұрғанмен, Киев пен Астана арасында мұндай жайттардың қайталанбауы үшін прагматикалық әрі сындарлы диалог орнап үлгергендігі көңілді қуантады. Министр Украинаның өз порттық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға заңды түрде жауап қайтаруға толық құқылы екенін алға тартып, айта келе, бұл әрекеттердің бейбіт елдердің мүддесіне еш нұқсан келтірмеуі басты назарда екенін жеткізді.

Астана — бейбітшілік мекені: Токаевтың дипломатиялық миссиясы

Бұл сұхбаттың ең салмақты да, байыпты  бөлігі — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың геосаяси аренадағы рөліне берілген жоғары баға болды. Андрей Сибига біздің Мемлекет басшысын «заманауи әлемде елеулі дипломатиялық рөл атқара алатын тұлға» ретінде сипаттағаны болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында екі ел көшбасшыларының кездесуінде Астананың бейбітшілік процесіне араласу мүмкіндігі кеңінен талқыланған еді. Тіпті, болашақта Украина мен Ресей басшыларының ықтимал кездесуін Астана төрінде өткізу идеясы да қарастырылып үлгерді.

Министр, сонымен қатар «Президент Токаев өзінің геосаяси салмағы мен парасатының арқасында мұндай тарихи кездесуді ұйымдастыруға толық қауқарлы», — деп жылы лебізбен атап өтті.

Ғаламдық тепе-теңдік және қауіпсіздік кепілдігі

Соғысты тоқтату мен тұрақты бейбітшілік орнату мәселесінде Украина АҚШ-тың көшбасшылығы мен Президент Трамптың жеке қатысуын шешуші фактор ретінде көреді. Сонымен қатар, бұл үдерісте еуропалық одақтастардың да рөлі арта түспек. Киев үшін бұл екі бағыт — бірін-бірі жоққа шығаратын емес, керісінше толықтыратын стратегиялық жолдар болып табылады.

Ал NATO мүшелігіне балама ретінде ұсынылатын қауіпсіздік кепілдіктеріне келсек, олар тек қағаз жүзінде қалып қоймай, серіктес елдердің парламенттерімен ратификацияланған заңды құжат болуы тиіс. Украинаның болашақ қауіпсіздік архитектурасы төрт тірекке, санамалап айтар болсақ:

  • Вашингтонмен екіжақты заңды кепілдіктер;
  • Украина аумағындағы одақтас күштердің қатысуы;
  • Еуропалық Одаққа толыққанды мүшелік;
  • Кез келген қауіпке төтеп бере алатын қуатты төл армия сүйенеді.

Уақыт таразысы шынайы ақиқаттың басын ашып көрсеткендей, бейбітшілікке ұмтылыс пен ұстамды дипломатия — жаһандық дағдарыстан шығудың жалғыз тура жолы. Бұл ретте Қазақстанның бейтарап әрі бітімгерлік ұстанымы халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен сенімге ие болып отырғаны алаш баласын разы етеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 803
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2129
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 539
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 516